АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар әуежай аумағында жайылған газдың иісіне шағымданды. Түрксіб ауданының әкімдігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әуежай жақтан шыққан газдың иісі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындар өткір иіс бас ауыртып, жүрек айнытқанын жазды.
Түрксіб әкімдігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Газ тарату станциясы газды одоранттау жұмыстарын жүргізді. Бұл газдың ағып жатқанын білу үшін қолданылатын тәсіл. Қазіргі уақыта жұмыс толық аяқталды. Газдың иісі 1-1,5 сағатта жойылады. Апат болған жоқ», - деп түсіндірді әкімдіктен.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.