Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазанның аяғында әуежайдың ұшу қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Сонымен қатар, жаңа жарық жүйесі орнатылды.
Енді ТМД бойынша осы стандартқа сай келетін әуежай тек Алматыда ғана бар.
Ал ұшақтар табиғаттың қолайсыз ауа райында да оп-оңай ұшып-қона алады.
«Бұл біздің әуежайымыз үшін аса маңызды мәртебе. Біз сапаны арттыруға бар күшімізді жұмсаймыз. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, әуежайда қызмет көрсету сапасын арттыру ғана емес, қаланың экологиялық ахуалы да алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл жоба біздің әуежайымыздың жасыл әуежайға айналуына ықпалын тигізді», - деді Болат Ержанов.
Сонымен қатар, әуежайдың қайта жаңғыртудан өтуі әуе компаниялары үшін қаржылық шығындарды азайтып, электр энергиясын тұтынуды 62%-ға дейін төмендетуге, көміртегі газын 1 305,72 тоннаға дейін түсіруге мүмкіндік бермек.