Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне әуежай директорының орынбасары Бақытжан Әбдірасілов мәлім етті. Бүгін Алматыда жаңбырдың себелеуіне байланысты қаланы көк тайғақ басып тұр. Соның салдарынан қаладағы көлік қозғалыстары баяулап, жүргіншілер әбігерге түсуде.
Б.Әбдірасіловтың айтуынша, ұшақтарды қабылдайтын барлық жолақтарға мұзға қарсы арнайы ерітінділер себілуде, сондықтан оларды қабылдап, ұшыру кезінде ешқандай мәселе туындамаған. Тек, рейстердің тежелуіне әкелетін басты мәселе тұман екендігін айтып өтті ол.