АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы халықаралық әуежайы техникалық жағынан ашылуға дайын. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы әуежайы қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қызмет көрсете бастайды. Жалпы, әуе айлағы техникалық жағынан ашылуға дайын»,- деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемей тұр.
Бұған дейін террористерге қарсы арнайы операция барысында Алматы әуежайы босатылғанын жазған болатынбыз .
Сонымен қатар, 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстер билеттерін айыппұлсыз қайтаруға болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.