09:04, 18 Мамыр 2009
Алматы әуежайына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Алматы әуежайына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамырдың 17-сі күні сағат 16.01-де әуежайдың анықтама қызметіне ғимаратқа жарылғыш құрылғының қойылғандығы туралы құпия хабар түсті. Жедел әрекет еткен арнайы қызметтер 500 адамды көшіріп, арнаулы іс-шаралар жүргізді. Бірақ ешқандай бомба табылған жоқ.