Алматы әуежайынан бірқатар рейстер кешігіп ұшты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Халықаралық әуежайында бірқатар рейстер кешігіп ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«24/07 - 25/07 күнгі сағат 08:00 жағдайына Халықаралық Алматы әуежайында келесі рейстер кешігіп жөнелтілді:

1 DV455 Aлматы-Шарм эль-Шейх (әуекомпанияның шешімі)
2 KC915 Алматы-Анталья (әуекомпанияның шешімі)
3 KK6756 Алматы-Анталья (ұшақтың кешігіп келуіне байланысты)
4 B2768 Алматы-Минск (ұшақтың кешігіп келуіне байланысты)», делінген хабарламада.