Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, көбінесе кідірістің себебі өткен тәуліктердегі кестенің жаңылуынан болып отыр.
Шымкентке шығатын рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпады. Атап айтқанда, Аir Astana әуе компаниясының: KC671 Алматы-Астана рейсінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, KC971 Алматы-Шымкент рейсінде ауа райына байланысты, KC141 Алматы-Тбилиси рейсінде ұшақтың алмастырылуы себепті, КC127 Алматы-Ташкент рейсімен ұшақтың кешігуіне байланысты, KC953 Алматы-Астана рейсімен ұшақтардың жетіспеушілігіне байланысты, KC995 Алматы-Астана рейсімен ұшақтың кешігіп келуіне байланысты мәселе туындады.
Сондай-ақ Scat әуе компаниясының: DV781 Алматы- Қарағанды рейсінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, DV725 Алматы- Өскемен рейсінде ұшақтардың жетіспеушілігіне қатысты, DV729 Алматы-Қостанай және DV733 Алматы-Астана рейстерінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, сондай-ақ DV706 Алматы-Шымкент рейсінде ұшақтардың жетіспеушілігіне қатысты қиындықтар туындады.
«Қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайында тігінен 3200 м, көлденеңінен 1700 м қашықтық көрініп тұр. Ұшақтарды қабылдау мен шығаруға шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.