Алматы әуежайында 15 рейстің ұшу уақыты кешіктірілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Халықаралық әуежайында ұшақтардың кеш келуіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 рейстің ұшырылу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 желтоқсан сағат 8-дегі жағдай бойынша келесі рейстердің ұшуы кешіктіріледі:

1) KC907 Алматы-Дели (Дели әуежайының уақыт белгілеуіне байланысты). «Эйр Астана» әуе компаниясы 

2) DV729 Алматы-Қостанай (Техникалық себептерге байланысты ұшақты ауыстыру). СКАТ ӘК.

3) S73288 Алматы-Новосибирск (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Сибирь» ӘК

4) SU1941 Алматы-Мәскеу (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Аэрофлот» ӘК

5) DV733 Алматы-Астана (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). СКАТ ӘК

6) FZ736 Алматы-Дубай (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Флайдубай» ӘК

7) KC9310 Алматы-Бангкок (Қызмет көрсету уақытының аздығына байланысты кешігу). «Эйр Астана» ӘК.

8) КС109 Алматы-Бишкек (Бортсеріктердің қателігіне байланысты). «Эйр Астана» ӘК.

9) DV739 Алматы-Жезқазған (Ұшақтың кеш келуіне байланысты) «СКАТ» ӘК.

10) DV706 Алматы-Шымкент (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «СКАТ» ӘК.

11) DV731 Алматы-Ақтау (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «СКАТ» ӘК

12) Z92115 Алматы-Атырау (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «БекЭйр» ӘК.

13) DP834 Алматы-Самара (Самара әуежайындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) «Победа» ӘК

14) DV737 Алматы-Петропавл (Петропавл әуе жайындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) «СКАТ» ӘК.

15) PS538 Алматы-Киев (Ұшақтың кеш келуіне байланысты) Украина әуе жолдары.