Алматы әуежайында алты Сирия азаматы жалған құжатпен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Тегеран - Алматы» бағытындағы рейстен Сирия Араб Республикасының алты азаматын ұстады. Олар тексеруге Болгария Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын ұсынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан Республикасының аумағын Еуроодақ елдеріне шығу мақсатында транзит ретінде пайдаланбақшы болған», - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталғандар туралы  құқық қорғау органдары мен өзара әрекет етуші органдар өкілдеріне хабарланды.

Айта кетейік, кеше «Астана» шекара бақылауы бөлімшесінің қызметкерлері Астана-Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматының құжатын тапсырған сириялық екі азаматты анықтады.