Кедендік тексеріс кезінде №7933-ші «Пекин-Алматы» әуе рейсімен келген әйел адамның қол сөмкесінен бейне камерасы, дыбыс жазу құрылғысы және USB порты бар қалам тектес 4 арнайы техникалық құрал табылған.
Қазіргі таңда аталған айғақ бойынша алғашқы мәліметтер жиналып, Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінде тіркелген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасымен тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы кезде заңсыз контрабандалық жолмен тауарларды алып өту оқиғалары жиілеп кеткен. Алайда, Алматы қаласы КБД-не қарасты «Жетысу» кеден бақылау бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы кедендік ереженің бұзылуына қарсы аянбай қызмет етуде.