Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығынан 7 рейс кешіктіріліп, 6 рейс тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығынан 7 рейс кешіктіріліп, 6 рейс тоқтатылды.

Әуежай таблосында Үрімші, Стамбұл және Астана рейстерінің тоқтатылғандығы хабарланды. Бұдан басқа Астанадан, Базельден, Стамбұлдан келетін рейстер тоқтатылды. Ал Атыраудан, Оралдан, Павлодардан, Семейден, Өскеменнен, Жебел Али және Санкт-Петербордан келетін рейстер кешіктірілді.