Алматы әуежайында авиарейстердің неліктен кешіккені белгілі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының халықаралық әуежайы бірқатар авиарейстердің кешіктірілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін 16шілдеде Алматының халықаралық әуежайында рейстердің кешіктірілуіне байланысты,әуеайлақ қалыпты режімде істеп тұрғанын, рейстерді кейінге қалдыру туралышешімдерді авиакомпаниялардың өздері ғана қабылдайтындықтарын естеріңізге саламыз.Рейстердің кейінге қалдырылуына ұшақтардың жетіспеуі, техникалық себептерге, ұшақтардыңкеш келуі немесе резервтегі экипажды көп күтіп қалу секілді жағдайларға байланыстыболады», - делінген әуежайдың Facebook-тегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Бүгін келесі рейстеркейінге қалдырылды:
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы - Нұр-Сұлтан» КС 853 рейсі ұшақжеіспегендіктен сағат 13.50-тен 14.30-ге ауыстырылды;
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы – Анталья» КС 915 рейсі техникалық себепкебайланысты сағат 09.45-тен 16.50-ке ауыстырылды;
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы - Нұр-Сұлтан» КС 995 рейсі техникалықсебепке байланысты сағат 17.45-тен 22.00-ге ауыстырылды;
Scat авиакомпаниясының «Алматы – Санья» рейсі ұшақтың кеш келуіне байланыстысағат 21.00-ден 17 шілде сағат 02.00-ге ауыстырылды.


Авторы Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар