Міндеттерді пысықтау шеңберінде Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы жедел топтарының дайындығы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау деңгейі тексерілді.
Әуежай қызметтерімен бірлесіп, кепілдегі адамдарды босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның барысында іс-қимыл алгоритмі қосымша пысықталды.