Алматы әуежайында екінші терминал салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы халықаралық әуежайы қайта жасалатын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен 5-инвестициялық форум барысында айтылды.

«Заманауи VIP-терминал, транзиттік аймақтың халықаралық ұшу залы кеңейтіледі. Тамақтану саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысын жақсартуға халықаралық компанияларды шақырамыз. Әуежай басшылығы екінші терминалдың құрылысын бастау туралы шешім қабылдады», - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бойы жалғасады.

Инвестиция көлемі әзірге белгісіз.

Биыл әуежайдың ұшу-қону жолы қайта жөндеуден өтіп жатыр.