«Вокзал аумағындағы екінші қабаттың пандусы көлік қозғалысы үшін ашық», деп хабарлады Алматы әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салайық, автокөліктерге арналған пандус Алматы әуежайы аумағындағы вокзал маңы алаңын күрделі жөндеу мен қайта жаңартуға байланысты былтыр қыркүйек айында жабылған болатын.
Қазір аумағы 55 мың шаршы метр болатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған.
Бүгінде жұмыстың 65 пайыздан астамы орындалды.
Айта кетейік, былтыр Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны қоғамдық талқылаудан өткен еді.