«Терминал арқылы шотқа ақша салып, карта сатып алуға, айлық жол жүру билетін сатып алуға болады. Нысан аялдамаға жақын орналасқан. Терминалдардың санын ұлғайту көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Әуежайдан шыққан жолаушы қарапайым тетіктер арқылы жол ақысын толтыра алады.
Айта кету керек, Алматыда 2015 жылдың ақпанынан бастап «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.