Алматы әуежайында РФ Ішкі істер министрлігі іздеу жариялаған азамат ұсталды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Кеше, 3 маусымда ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі Ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасы мен Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жедел-іздеу шараларының барысында Алматы әуежайында Әзірбайжан Республикасының 30 жастағы азаматы ұстады,

деп хабарлады ішкі істер ведомствосының Көліктегі ішкі істер департаментінен.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы бойынша іздеуде жүрген ол азамат Ресей Федерациясының Пермь өлкесінде уақытша тіркелген болып шықты.

Пермь өлкесінің қалалық соты қамауға алуға санкция берілген ол азамат қазір Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің абақтысына жабылды.