Алматы әуежайында тоқ соқтыратын қолшам алып өтпек болған адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында электрошокер қолшам алып өтпек болған адам ұсталды. «Алматы-Мәскеу» бағытында жол тартқан жолаушы аталған қаруға рұқсат қағазы болмаған.

Алматы әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ол ҚР ӘқК 482-бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.