Алматы әуежайында Түркияға бөтен адамның құжатымен ұшпақ болған келіншек ұсталды
11:08, 13 Маусым 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Түркияға бөтен адамның құжатымен ұшпақ болған келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар «Алматы-Ыстанбұл» бағытындағы КС-911 әуе рейсін ресімдеу кезінде тексеру барысында 1981 жылғы Өзбекстан азаматшасы Гүлчехраның төлқұжатын ұсынған басқа келіншекті ұстады. Тексере келе, оның 1990 жылғы Стора есімді азаматша екендігі анықталды», делінген хабарламада.