13:16, 02 Мамыр 2009
Алматы әуежайында ұшақта «Бомба» деген жазуы бар домалақ шар тәрізді зат табылды
АСТАНА. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат - Өткен жұмада Алматы әуежайындағы ұшақтың ішінен «Бомба» деген жазуы бар домалақ шар секілді зат табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда 15 сағат 58 минөтте «Бойнг-757» (борт № Р-4 MAS, рейс 858 Ақтау-Алматы) ұшағының ішінен көлемі 20 см. болатын үрмелі резеңке шар табылған, оған кәдімгі сия қарындашпен «Бомба» деген сөз жазылыпты.
Арнайы тексеру шаралары барысында жарылғыш қондырғы табылған жоқ.