Күдікті жолаушы Алматыдан Атырауға бағыт алған рейске отырмақ болған.
Әуе қауіпсіздігі қызметінің бақылаушылары жергілікті ұшу терминалында жолаушының қалтасын тексере келе жасыл түсті есірткіге ұқсас затты тапты.
Ер адам бірден әуежайдағы полицияның желілік бөліміне жеткізілді.
Тәркіленген зат Сот сараптамасы институтына талдауға жіберілді.
Тәжірибелі тергеушілердің айтуынша, ол өсімдіктен жасалған есірткі болуы мүмкін.