Алматы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тағайындаған бұлтартпау шарасын өзгертті. Бұған дейін күдікті 2 айға қамауға алынған болатын.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сот бұлтартпау шарасын кепілге өзгертті. Кепіл мөлшері 3500 АЕК деп бағаланды.
Айбол Бекмұхамбетовке ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша айып тағылып отыр.