Бұл туралы Алматы қаласы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
«Әуежайда төтенше жағдай орын алуына байланысты рейстерде сәл кешігу болды. Қазір ұшу мен борттарға қабылдау жанданды. Қабылдау және борттардың ұшуы бір сағаттан астам уақытқа тоқтатылды», - дейді әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, бұған дейін әскери ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты Алматы әуежайында рейстер бөгелуде екенін жазған болатынбыз.