Алматы ауруханасында пациенттердің ВИЧ жұқтыруына кім кінәлі – Есмағамбетова жауабы
«100 пайыз сенімділікпен медбике аталған шприцті пайдаланды не пайдаланбады деп айтуға болмайды. Жансақтауда тері бетінің манипуляциясымен байланысты барлық медициналық бұрмалау орын алуы мүмкін. Бірақ, комиссия дәл сол адам болды деп айта алмайды. Тыңғылықты тергеу жүргізу үшін барлық материал тисті органдарға жіберілді. Олар аталған пациенттерге медициналық көмек көрсетуге қатысқан қызметкерлердің жауапкершілігін немесе керісінше кінәлі еместігін айқындайтын болады», - деді Айжан Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның дерегінше, жансақтау бөлімінде шамамен 50 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында дәрігерлер, кіші және орта медициналық қызметкерлер бар.
«Жансақтау бөлімшесінің пациенттері өздерінің денсаулық жағдайына байланысты түрлі манипуляция алады. Бұл – екпе, система, катетер және басқалары. Егер ВИЧ-инфекциясының жұғуын қарайтын болсақ, онда ол қандай да медициналық манипуляцияның бұзылуымен байланысты. Өкінішке орай, дәл сол манипуляция паценттердің ауру жұқтыруына себеп болды деп комиссия нақты айта алмайды», - деді вице-министр.
Бұған дейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында жатқан 3 науқастан адамның иммундық тапшылық вирусы анықталғанын жазған едік.