АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алғашқы үш күнде қоғамдық көліктерде орналастырылған «ақылды» камералардың көмегімен маска режимі мен әлеуметтік ара қашықтықты бұзғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба «Ақылды» камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік ара қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады»,– деп жаздыInstagram -дағы парақшасында Бақытжан Сағынтаев.
Пилоттық жобаның жұмысы туралы кеше Бақытжан Сағынтаев Алматы арнасындағы «Akimat Live» тікелей эфирінде айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.