Алматы балабақшалары баланы туыстарына сенімхат көрсеткен кезде ғана береді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы балабақшалары баланы туыстарына нотариалды куәландыратын сенімхатты көрсеткен кезде ғана береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балабақшадағы баланы ата-анасы алу керек. Туыстары келген жағдайда қолдарындаміндетті түрде нотариалды сенімхатыболуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемелерде бұл үрдіс бұрыннан бар. Алайда, балабақшабасшылығы мен тәрбиешілер ата-аналардың сұрауы бойынша рұқсат етіп жүрген.

«Балабақшадан кішкентайларды ата-анасы алу керек. Бұл талапбұрыннан бар. Көп жағдайдаата-аналар тәрбиешілерге қоңырау шалып балаларын туыстарына немесе таныстарынаберуін сұрайды. Ата-аналардыңжағдайына түсіністікпен қараған балабақша қызметкерлері келіседі. Енді, оғанқатаң түрде тыйым салынды. Біз балаларды қорғауымыз керек. Сондықтан, бүгінненбастап бүлдіршіндерді туыстары тек нотариалдық түрде куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғана алуға құқылы», - дейдіАлматы қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Әлия Сағиева

Естеріңізгесалайық, кеше Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды. Күдікті солмектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісіболып шықты.

Соңғы жаңалықтар