деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі күні Алматыда мектепке дейінгі мекемелер балалардың 62 пайызын ғана қамтамасыз етіп отырса, 22 мың бала кезек күтуде.
Көптеген балабақшалар жекешелендіріліп немесе жеке меншік ұйымдарға ұзақ уақытқа жалға берілген. Кері қайтару ісі бойынша 2008 жылдан бері 4 балабақша қайтарылып, 700 балаға орын табылған. Осы уақытта қалалық билік жеке меншік ұйымдарға берілген ғимараттарды қайта сатып алу ісімен айналысып жатыр. 2010 жылы бұрынғы 5 балабақша қайтарылып, 1300 балаға орын табылады деп күтілуде. Сонымен қатар қалада 1200 орынды құрайтын 6 жаңа балабақшаның құрлысы жүріп жатыр. Келер жылы тағы да 1200 орынды құрайтын 5 балабақшаның құрылысы басталмақ. Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 4 жаңа жеке меншік мекеме жұмысқа кірісуге әзір. 2010 жылға жеке меншік мекемелермен 600 орынды құрайтын 10 балабақша ашу жоспарлануда.
Осы жылдың қаңтар айында Алатау ауданында №161 балабақша ашылған болатын, бұл Алматыда соңғы 20 жылдың ішінде бірінші рет салынған мектеп жасына дейінгі мекеме болып табылады. 120 орынға арналған бұл балабақша «Шаңырық» ықшам ауданында орналасқан. Ондағы тәрбие беру істері мемлекеттік тілде өткізіледі және барлық талаптарға сай.
Әкімнің айтуынша, құрылыс қарқыны осылай жүретін болса, балабақшалардағы орынның жетіспеушілік мәселесі жақын 3 жылда шешілмек.