«Тәрбиешілер тапшылығы шамамен 35-40 пайызды құрайды, оның ішінде мамандандырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, сонымен қатар логопед, дефектолог, музыкалық жетекші, медбике, есепші, тәрбиеші көмекшісі сияқты мамандар қажет», - деді Әлия Сағиева.
Сонымен қатар, ол қаланың орталық аудандарында балабақша салуға жер тапшылығы да өзекті мәселе екенін атап өтті.
«Бұл жағдайға жеке мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істейтін бюджеттік қаражатты жалған есеппен толтыру, басқа өңірлерде тұратын балаларды балабақшаға жолдама алу салдарынан игеріп алуы да кері әсерін тигізуде»,- деді ол.
Бұған дейін білім басқармасының өкілі Алматыда балабақша кезегінде 43 мыңнан астам бала тұрғанын айтқан болатын.