ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сейсенбі, 5 ақпан күні Алматы қаласындағы «Арыстан» базарының аумағында орналасқан сауда дүңгіршегі өртене бастады. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.