Оқиға бүгін таңертең Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болған. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.
«Аяқ киім сатушылар арасында ақшалай қарызға байланысты келіспеушіліктер болып, соңы төбелеске ұласқан. Жол-патруль полициясының экипажы бүлік шығарғандарды арашалап, тергеу үшін аудандық полиция бөліміне әкелді, оларға тәртіп бұзғаны үшін заңға сәйкес шара қолданылады», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Автор: Данияр Дауталиев
15:48, 06 Сәуір 2019
Алматы базарында сатушылар төбелесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полиция департаменті қала базарларының бірінде екі сатушы арасында жанжал шыққанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.