Алматы базарындағы өрт салдарынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді
13:24, 02 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат – Кеше Алматы қаласы Жетісу ауданындағы «Барыс» базарында шыққан өрт салдарынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 18 сағат. 16 минөтте алты темір қойманың жануынан басталды. Соның салдарынан 320 шаршы метр жер отқа оранды.
Қабылданған шаралар барысында 60 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Халық тұтынатын тауарлар жанып кетті, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт алты сағаттан кейін, яғни мамырдың 2-не қараған түнгі 00. сағат 44 минөтте толық ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 59 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.