Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Өрт сөндipушiлер сағат оқиға орнына сағат 14:48-де жетті. Осы кезде базардың автобөлшектер сататын 8 контейнерiнiң жоғары бөлiктерi жанып жатқан.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт 30 минутта ауыздықталды. 80 шаршы метр аумақты жалмаған жалын 15.28-де толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 67 адам және 16 бipлiк техника, сондай ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.