Алматы базарындағы өртті сөндіруге тікұшақ шығады
15:00, 06 Қыркүйек 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Мизам» базарынан шыққан өртті ТЖД тікұшақпен өшірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Барахолка базары маңындағы өртті ауыздықтауға тікұшақ жіберіледі.