Алматы билігі арықтардың неге қаңсып тұрғанын түсіндірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қаладағы арықтардың неге қаңсып бос тұрғанын түсіндірді. Алматы Қоғамдық кеңесі бұл туралы Жасыл экономика басқармасынан жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арық желілерінпайдалану мен жасыл желекті суару бойынша бюджеттік бағдарламаны аудандықәкімдіктер жүргізеді. Арықтарға су таудағы өзендерден келеді. Қазіргі таңдаЕсентай мен Қарасу өзендерінің бойында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліпжатыр. Осыған байланысты су тоқтатылған.Сонымен қатар Әуежайдың жанындағы көлде баспалдақ (пирс) салынып жатыр.Сондықтан, Кіші Алматы өзенінің аңғары жабық тұр. Одан бөлек қалалықМобильділік басқармасының бастамасымен қаладағы барлық аудандарда 111 көшеқайта жасалып жатыр.

Ал Жасылэкономика басқармасының бастамасымен 57 көшедегі ұзындығы 57 шақырым болатынарық желісі жөнделіп жатыр. Сондықтан бұл көшелерде де уақытша су ағып тұрғанжоқ», - деді «Ақпараттық ресурс орталығы» қоғамдық қорының басшысы АлтынайКөбеева.

Мұның алдындаФейсбуктегі «Дежурный по городу» тобында қала тұрғындары арықтардың қаңсып тұрғанын айтып дабылқаққан болатын.

«Қалалықәкімдікке сұрақ! Сіздерге қаланы кептіріп, қаңсытуға тапсырма берілді ме? Суқайда??!» - деп жазды желі қолданушылары.