Алматы билігі дала өртінің белең алуына алаңдаулы
Қала билігі дала өртінің алдын алуға бірқатар тапсырма берді.
Мамандардың айтуынша, қалада жыл сайын шамамен 500 өрт оқиғасы тіркеледі. Көбінесе мұндай өрттен қоршаған ортадан бөлек, саяжай тұрғындары да зардап шегеді екен.
Бұл мәселе туралы қалалық ТЖД басшылығы әкімнің орынбасары Ерлан Әукеновке баяндады.
«Әкімнің орынбасарының жетекшілігімен штаб құрылды. Картаға дала өрті жиі кездесетін ұрымтал 16 учаске белгіленді. Аталған учаскенің ауданбасыларына арнайы тапсырма берілді. Өрт негізінен шөптің мезгілінде шабылмауынан тез тарап кетеді. Осы мақсатта шөп шабуға, ор қазуға Алатау, Медеу, Бостандық, Түрксіб аудандарында арнайы техника саны көбейтілді», - деді ТЖД баспасөз қызметі.