Бұл бастаманы көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қырғыз-қазақ жұмыс тобының отырысында Азия даму банкі ұсынды. Тараптар кездесу барысында Алматы - Ыстықкөл баламалы жолының құрылысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының статусын қарады.
«Аталған жоба бойынша АДБ кеңесшілері құқықтық талдау жүргізіп, енді оның қаржылық және техникалық скринингін дайындауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Алматы-Бішкек бағытында электрлі автобустар арқылы тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мүмкіндігі туралы АДБ ұсынысын талқылады», - деп хабарлады орталықтан.
Тиімді өзара іс-қимыл және жоба бойынша мәселелерді үйлестіру үшін тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.
Отырысқа Қырғызстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Қайынбаев пен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков төрағалық етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен хаттамаға қол қойып, арықарай пысықтау үшін негізгі мәселелерді анықтады және белгіленген бағыттар бойынша қолдау көрсетуге дайын екендерін растады.
Фото: kabar.kg