Бұл туралы Facebook-тегі өз парақшасында Денис Кривошеев жазды.
«Тыңдаңыздар! Шұғыл! Embraer ұшағы, Алматы-Бішкек рейсін орындаушы KC109 AirAstana әуеде SOS белгісін берді.
Қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Борт әуежайға қайта бет алды. Барлық апаттық қызмет дабыл бойынша көтерілді. Бортта 50 адам бар. Егжей-тегжейін білуге тырысамын. Ұшақ бір қозғалтқышпен қонуға бет алды, делінген оның хабарламасында.
Абырой болғанда, ұшақ аман-есен Алматы әуежайына қонды.