Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатында Қырғызстанның 4 азаматы опат болды

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысында, Алматы-Бішкек тас жолының 126-шы шақырымында болған үлкен жол апатында Қырғызстанның төрт азаматы қаза тапты,

деп   хабарлады  ҚР  Төтенше жағдайлар    жөніндегі ведомствоның баспасөз   қызметінен.

Сенбі  күні сағат  03.30-дарда «Даево» және  «ЗИЛ»  көліктері    соқтығысып қалды.   Жол  апатының садарынан    жеңіл көліктің  жүргізушісі  ауруханаға түсті,  ал    оның төрт жолаушысы,   ішінде 2 жасар  бала   бар,  оқиға орнында көз жұмды.   Зардап шеккендердің барлығы Қырғызстан  азаматтары.