Алматы-Бішкек тас жолындағы көлік апаты: 11 адам ауруханада жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 28 қазан күні Алматы-Бішкек тас жолындағы көлік апатынан 11 адам  ауруханаға түсті. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарасай аудандық  ауруханасына  барлығы 22 адам жеткізілген. Қазір 11 адам ауруханаға жатқызылып, ем қабылдауда. Жағдайлары орташа деңгейде. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 2 науқастың біреуінің жағдайы жақсарып келеді. Оны  жалпы палатаға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы - Бішкек тас жолының 23-шақырымында болған көлік апатына байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

 Облыстық Полияция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда спринтер мен автобус соқтығысқан.