Алматы-Бішкек тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
12:31, 19 Сәуір 2018
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тасжолында 37 жолаушысы бар автобус джип көлігімен соқтығысып, жолдың жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобуста 37 жолаушы және екі жүргізуші болған. Жолаушылардан ешкім зардап шекпеген, тек көлікті тізгіндеген автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алған. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген. Апатқа ұшыраған джип көлігінде де зардап шеккендер жоқ.
Оқиға Алматы-Бішкек тасжолының 127 шақырымында 18 сәуір күні таңғы бестер шамасында болды.
Алдын ала болжам бойынша, автобус джип көлігінің артынан келіп соққан.