Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 қыркүйек күні сағат 08:45 шамасында Жамбыл ауданында болды.
«Алдын ала ақпарат бойынша, «Нива-2121» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тасжолының 44-шақырымында батыс бағытта келе жатқан. Кенет рульге ие бола алмай қалып, «Foton» жүк көлігімен соқтығысқан. Одан кейін бар инерциясымен шам бағанына соғылып, жолдың қарсы бетінде «BMW-525» және «Mitsubishi» көліктерімен соқтығысты. «Ниваның» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан «BMW» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен « Mitsubishi»-дің 44 жастағы жолаушысы да зардап шекті», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.