Алматы ботаникалық бағында магнолия гүлдеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы ботаникалық бағында магнолия гүлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: instagram.com/botsadkz
Біздің коллекциямызда бұл өсімдіктің 15 таксоны бар. Магнолия – динозаврлармен жасты, көне өсімдік. Ол аралардан бұрын пайда болған, сондықтан магнолиялардың кейбір түрлері қоңыздар арқылы тозаңданады. Бұл – үлкен ақ, қызғылт, күлгін немесе сарғыш гүлдері, ірі сәндік жапырақтары, сондай-ақ жемістері бар ағаш немесе бұта. Магнолия гүлдері аздаған цитрус ноталары бар, өте жағымды кремді-тәтті хош иіске ие немесе иіссіз болуы мүмкін. Оны көбінесе парфюмерлер гүл композицияларын жасау үшін пайдаланады. Біздің ботаникалық бақтағы магнолияны аққулар тоғанының жанындағы орталық аллеядан көруге болады

, - делінген бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әдемі көріністің видоесы да қоса жарияланған.