Көрмеге Алматы қаласы тарихының музейі қорынан көптеген жәдігерлер қойылған. Олардың ішінде әсіресе фотосуреттердің орны ерекше. Оларда Алматы қаласы мен Жетісу өңірінің тарихи кезеңдері көрініс берген.
Көрменің мақсаты - келушілерді Алматы қаласының тарихы туралы мағлұматтармен толыққанды таныстыру және оларды қаланың өткені мен бүгінгі тарихына ұқыптылықпен қарауға шақыру.
Сонымен қатар, көрмеде қаладағы өнеркәсіпке, қала құрылысына және қаланың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты бөлек секциялар әзірленген.
Ондағы бірегей фотоматериалдарды, «Алматы энциклопедиясы» веб-порталын және фотограф Максис Золотухиннің топтамасын арнайы мультимедиялық әдіс арқылы көрсету - жәдігерлердің нанымдылығын арттыра түседі.
Көрме үстіміздегі жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.