Алматы бюджетіне салық тексерістерінің нәтижесі бойынша қосымша 36 млрд. теңге аударылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті ағымдағы жылдың басынан бастап 422 кешенді және тақырыптық тексерулерді аяқтады.

Оның нәтижесі бойынша бюджетке қосымша 36 млрд. теңге аударылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, салық тексерістерінің саны 2 есеге азайғанын атап өткен жөн.

Қосымша аударымдардың негізгі сомасы құрылыс, көрсетілетін қызмет, сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің еншісінде.

Салық төлеушілер салық салынатын табыстарды азайту мақсатында олар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстарды заңсыз арттырған. Бұдан басқа, корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге және ҚҚС бойынша есепке бухгалтерлік құжаттарды растамайтын шығындар жатады.