Айта кетерлігі, цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.
«Цифрлық трансформация – бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті – цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады», – деді Баян Қоңырбаев.
Ол Алматының осы бағытта дамуға көмектесетін «Ақылды қала» бағдарламасын іске асырғанын атап өтті.
ӨКҚ алаңындағы брифингте Б. Қоңырбаев International Data Corporation (IDC) Халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің Алматының «Ақылды қала» ретінде жетілгенін бағалағанын айтты.
«IDC әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді», – деп түсіндірді А. Беклемишев.
Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала «Конъюнктуралық» (opportunistic) деңгейінен «қайталанатын» (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты.
А. Беклемишев бұл көрсеткішке қандай фактор себеп болғанын жеткізді.
Соңғы 4 жылдағы жетістіктер туралы әңгімелеген Б. Қоңырбаев әлемдегі бірде бір қала 5.0 деңгейіне жетпегенін айтты. Азия өңірінде Сингапур (5.0 деңгейіне жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетті. Еуропада-Лондон (4 деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу көш бастап тұр (3 пен 4 деңгей арасында).
Алматы Будапешт, Ташкент және Бакуден озып, ТМД-мен Шығыс Еуропа өңірлерінде жетекші қалалар тобына енді.