Қазір оның әртістері өнерсүйер қауымға арнап «Алтын калейдоскоп» атты жаңа бағдарлама дайындап жатыр.
Андрей Канахиннің өнеріне тамсанбайтын жан болмас. Ол он екі метрлік биіктікте «ажалмен арпалысып», «өлім шыңын» бағындырады. Мұңдайды біздің елде әлі ешкім жасамапты. Ал Андрей Қытайдан үйреніп келген.
«Бізде бұл қорқыныш емес, кураж деп аталды. Қорқыныш барлығын құртады, өнеріміз сәтсіз болады. Бұл ерлік секілді нәрсе гой. Бірақ мүлде қорықпауға да болмайды. Әр нөмір сайын жанымызды шүберекке түйіп, тәуекелге бел буамыз», - дейді цирк әртісі Андрей Канахин. Өрімдей қыз Марина Стародубова жастығына қарамай 9 жасында-ақ цирк қызметкері, тіпті айлық алады. Ол циркке төрт жасында келіпті. Сол жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған. «Мұнда әртіс болу үшін икемділік пен қайсарлық қажет», дейді ол. «Әзірге балам жоқ, Алла жазса, бірнеше күннен соң дүниеге келуі тиіс. Болашақта ол да біздің жолымызды қуады деп үміттенемін»,- деді «Қазақ мемлекеттік циркі» МҚМ директоры Дәулет Досбатыров. Циркте өнер көрсетуден бөлек, Дәулет Досбатыров бұрынғы Кеңес кеңістігіндегі бірден бір доктор атағы бар цирк басшысы. Жас басшының жоспары - циркке күрделі жөңдеу жүргізу, заманауи жабдықпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ алматылық цирк өз шапитосын ашып, гастрольдік сапармен еліміздің қалаларын араламақ, деп хабарлайды Жетінші арна.