Қалалық мәдениет басқармасынан хабарлағандай, Қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратында жөндеу жұмысы жүргенмен, әртістердің жұмыс орны сақталады.
«Қалпына келтіру жұмысы барысында ғимараттың бастапқы келбеті, дизайны мен сыртқы құрылымы өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, оның барысында цирктің бүкіл өнер ұжымы республикада, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде гастрольдік сапарда болады. Жөндену жұмысы кезінде Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, әртістердің жұмыс орны сақталады», - делінеді мәдениет басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы циркі Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен 1979 жылы салынды. Сәулетшісі Владимир Кацев болды.
2003-2006 жылдары цирк алғаш рет күрделі жөндеуден өтті.
Цирк ғимараты қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген.