Алматы циркінде қайырымдылық акциясымен «Ғажайып жаз» маусымы қайта ашылды

АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қазақ мемлекеттік циркінде «Ғажайып жаз» қайырымдылық цирк бағдарламасы кезекті маусымын бастады.

Қойылымдарды тамашалауға балалар үйінің, мектеп-интернаттардың, көп балалы және әлеуметтік мүмкіндігі төмен отбасылардың балалары шақырылды.

Әуеде қалықтаған акробаттар, аңдардың өнер көрсетуі, әткеншектер және сайқымазақтардың қойылымдары жас бүлдіршіндерге ұмытылмас сый болды.