Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған 70-ке жуық жабайы аңдар қатысады.
Бағдарлама аясында Ресейдің цирк өнерінің атақты әртістері - сайқымазақтар, жонглерлер, акробаттар, әуе гимнастары және қолға үйретілген ондаған жабайы аңдар - түйеқұстар, кенгуру, күзендер, жанаттар, коатилер, сасықиістілер, түлкілер, тотықұстар және басқа да аңдар өнер көрсетеді.
«Көрермендерді ерекше бағдаралма күтіп тұр. Неге «Адамдар! Сенсация! Аңдар!» деп аталады? Өйткені, бұл бағдарламада аңдар өте көп, яғни 70-ке жуық әр түрлі аңдар өнер көрсетеді. Бағдарлама өте әсерлі болады», - деді манеждің аға инспекторы Николай Маркин.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында көрермендер «Гусар балладасы» деп аталатын орыс әткеншегінде акобаттардың, сондай-ақ, жонглерлер және басқа да цирк майталмандарының өнерін тамашалайды.
Кейбір трюктер Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Ал әртістердің барлығы халықаралық марапаттарға ие.
Цирк көрсетілімі барысында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, атақты цирк сайқымазағы Владимир Стариков көрермендерді күлкіге қарық қылары сөзсіз.