Алматы дәрігерлері жасаған отадан соң балдаққа сүйенген әйел жүріп кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда №7 қалалық клиникалық ауруханасының ортохирургия бөлімінің меңгерушісі Арнат Байзақов туа бітті дисплазияға шалдыққан әйелге ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ота сәтті өтіп,балдаққа сүйеніп қалған әйел жұмысқа шығып кетті.

33 жастағы Балжан Мақұлбековатуғалы бері жамбас ұршығының туа біттідисплазиясы дертімен ауырған.

«Бала кезімнен бері 3рет ота жасалды. Сан сүйегінің жоғарғы жағын сындырып, сүйекті қисық бітіріпұршыққа қондырмақ болды. Бірақ оталар сәтсіз болды. Содан кейін балдаққасүйеніп қалдым. Көп жүре алмайтынмын. Бір аяғым екіншісінен ұзын болды. Жиіауыратынмын», - деді Балжан Мақұлбекова.

Мүмкіндігі шектеліпқалған әйел №7 аурухана дәрігерлерінен көмек сұрап келген.

«Екі ұршықтың басы туабітті шығып кеткен. Бұрын кішірек кезінде сүйектерін сындырып ұршық басынаотырғызуға тырысқан. Жамбас сүйегі дипслазиясы өте қиын ауру. Ол дұрысемделмесе мүгедектікке әкелетіні рас. Содан Балжанның оң аяғына былтыр отажасадық. Буынға эндопротез орнаттық. Ота сәтті өткені соншалық, пациент бірденбалдағын тастады. Ауырсыну сезімі жойылды. Сол жақ аяғының емі күрделірекболды. Өйткені, ұршықтың басы жоқ, жамбас ұршығы жоқ болды. Қисық сүйеккепротез орнату қиын. Ұршық басы жоғары кетіп қалған. Осылайша орнына қойып, протез салдық. Аяғын ұзартып екеуінтеңестірдік. Ота 3-4 сағатқа созылды.Қазір аяғының ауырғаны қойды. Науқас өзі жүріп тұрып қозғалып жүр», - деді №7қалалық клиникалық ауруханасының ортохирургия бөлімінің меңгерушісі АрнатБайзақов.

Енді Балжанныңаяғындағы протез 20 жылға шыдас береді деген болжам бар.

Қазір әйел №1аурухананың жанында ашылған оңалту орталығында оңалту процедураларынан өтіпжатыр.

Мамандардың айтуынша,бұндай ота Қазақстанның кез-келген ауруханасында жасалмайды.

«Ота жасау үшін мықтымаман, қажетті құрылғыларкерек болады. Кез-келген аурухананың ортохирургия бөлімі бұндай материалдықтехникалық базамен мақтана алмайды», - деді Арнат Байзақов.

Айта кету керек,операция портал арқылы квотамен жасалды.

Соңғы жаңалықтар